Жұма, Маусым 9 2023

Қоңқабаевтың өзбек боксшысына қарсы неге жұдырықтаспағаны мәлім болды

Қазақстан құрамасының боксшысы Қамшыбек Қоңқабаевтың Страндж кубогындағы жекпе-жекке неге шықпағаны белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы Instagram парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды taulik.kz.

«Қамшыбек Қоңқабаев қолындағы жарақатына байланысты Страндж рингіне шықпады.⠀

Айта кетейік, 1/4 финалда боксшымыз Баходир Жалоловпен кездесуі керек еді.

Сонымен қатар, жаттықтырушылар штабының айтуынша, ауыр салмақтағы спортшымыздың жаттығу мен жарыс процесіне толық қатысуға уақыты тым аз болды. Алда маңызды жарыстар – Ташкентте өтетін әлем чемпионаты мен Ханчжоудағы Азия ойындары күтіп тұрғандықтан, Қамшыбек қалпына келіп, ең алдымен, денсаулығын ойлауы қажет», – делінген хабарламада.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button