
Оңтүстік Корея астанасында Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде қаза тапқан қазақстандық қыз Ақтөбеде жерленді.
Марқұм қыздың үлкен әпкесінің айтуынша, Мәдинаның денесі Алматыға 3 қарашада жеткізілген.
«Біз неге ұзаққа созылып кетті деп қатты уайымдадық. Бірақ бәрі ойдағыдай өтті. Бейсенбі Мадинаның денесі Алматыға жетті. Оның қасында бір түн болдық. Сенбі күні таңертең оны жерледік», – дейді әпкесі.
Taulik.kz