Жұма, Наурыз 31 2023

Қызбен кездесуге полицейдің формасын киіп барған жүк тасымалдаушы жазаланды

Петропавлда полиция сержантының формасын киген ер адам учаскелік инспектордың көзіне түскен. Құжаттарын тексеру кезінде оның белгіленген үлгідегі қызметтік куәлігі жоқ екені анықталды. Іс жүргізу үшін 23 жастағы жігіт қалалық полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Taulik.kz.

«Қала тұрғынының ішкі істер бөліміндегі қызметке қатысы жоқ екені анықталды. Жүк тасымалдаушы болып жұмыс істейді. Жігіт қызбен кездесуге баратыны үшін форманы кигенін түсіндірді», – деп хабарлады полиция.

Қазақстанда әскери символикасы бар киімді, сондай-ақ арнайы киім-кешекті заңсыз киген адам айыппұл төлейді. Сондықтан ер адамға 5 АЕК – 15 900 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button