Бейсенбі, Наурыз 23 2023

Маңғыстау облысында ер адам үш баласын өлтіріп, өзіне қол салды

Маңғыстау облысында ер адам мен үш баланың мәйіті табылды. 11 желтоқсанда сағат 19:45 шамасында Мұнайлы ауданының полиция бөліміне Мұнайлы ауданында 4 адамның асылып өлгені туралы хабар түскен, деп хабарлайды taulik.kz.

«Шақыруға барған жедел-тергеу тобы асылып өлген 38 жастағы ер адамды, 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық баланы анықтады. Тексеру барысында Б. есімді азаматтың  жұбайы Д. есімді азаматшаға жіберген аудиожазбасы анықталды. Ол аудиода өлетінін және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан», – делінген Маңғыстау облысы полициясы таратқан ресми ақпаратта.

Бұл оқиға отбасылық жанжал негізінде орын алғандығы және бұл адамдардың ажырасқалы жатқандығы белгілі болды. Ерлі-зайыптылардың екеуінің де тұрақты жұмыс орындары болған.

«Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының полициясына сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», – делінген хабарламада.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button