Дүйсенбі, Наурыз 20 2023

Маңғыстауда 2 адам тірідей жанып кетті

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды деп хабарлайды Taulik.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota жүргізушісі қарама-қарсы бағытта шығып, жылдамдығын үдеткен. Көлік Mercedes-пен соқтығысықан. Соқтығысу салдарынан неміс иномаркасы бірден өртеніп кеткен.

«Toyota жүргізушісі алдымен менің артымда келе жатты, кейін жылдамдығын үдетті. Сағатына 145-150 шақырыммен жүрді. Өте қатты соғылды», – дейді куәгер.

Mercedes ішінде 2 адам өртеніп кеткен.

«Апат салдарынан бір көлік өртеніп, екі адам қаза болды. Қазіргі уақытта өрт толығымен өшірілді, сол жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінде тіркелді», – деп хабарлады Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.

Жол-көлік апатына кінәлі адам 10 жылға сотталады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button