Сәрсенбі, Мамыр 31 2023

Мемлекеттік балабақшада балалардың шайға нан малып жатқан видеосы таралды

Желіде Алматыдағы мемлекеттік балабақшадағы азғантай тамақтың видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде балалардың нанды шайға малып жатқаны түсірілген видео тарады. Видео авторы бұл кадрлардың №164 балабақшада түсірілгенін айтты.

Алматы қалалық білім басқармасы мүмкіндігі шектеулі балалардың ас ішу процесі түсірілген видео Алматы қаласы Алатау ауданындағы «№164 балабақша» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында түсірілгенін хабарлады.

«Қазіргі уақытта білім басқармасы 2023 жылдың 16 наурызы мен 20 наурызы аралығында егжей-тегжейлі тексеру жүргізу үшін мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы мен балабақша меңгерушілері, медбикелерден тұратын мониторингтік топ құрды. Қоғамдық тамақтандыру бойынша толық ақпарат беріледі. тексеруден кейін беріледі», – делінген хабарламада.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button