Дүйсенбі, Наурыз 20 2023

Нағыз патриот: Жәнібек Әлімханұлы 90 млн аудиториясы бар арнаға қазақша сөйледі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) британиялық Дензел Бентлиді (17-1-1, 14 КО) жеңді. Ол әлем чемпионы атағын қорғағаннан кейін қазақ халқына маңызды үндеу жасады, деп хабарлайды Taulik.kz. 

«Бізде бәрі қазақша! Қазақ тілі ауыл арасындағы тіл емес. Міне, Лас-Вегаста, 90 млн аудиториясы бар ESPN арнасында қазақша сөйлеп отырмыз! Қазақ тілі – мақтаныш, қазақ тілі – өнер, қазақ тілі – мәдениет!», – деді ол.

Taulik.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button