
Баланың қолына қалам тығып алған мұғалім Шымкенттегі мектепте жұмысын жалғастырады, – деп хабарлайды Taulik.kz Otyrar.kzсайтына сілтеме жасап.
Білім басқармасы мәліметінше, мұғалім абайсызда баланың қолына үшкір қаламды тигізіп алған, сондықтан №69 мектепте сынып жетекшісі қызметін жалғастырады.
«Оқиға сағат 14:45-те №69 мектептің 5 «Ж» сыныбында үзіліс кезінде болған. Мұғалім балалардың қалай төбелесіп жатқанын көріп, оларды ажыратуға келген. Сол кезде қолында қалам болған, оны абайсызда Жолбарысқа тигізіп алған. Сынып жетекшісі және зардап шеккен баланың ата-анасымен түсіндірме әңгіме жүргізілді. Мұғалімге қатысты тәртіптік шара қолданылды, мектепте жұмыс жалғасады», – деді қала әкімдік өкілдері.
«Мұғаліммен хат алмастық, оған бірден жаздым. «Неге джинсы шалбар үшін бұлай істедіңіз, мұны өзіме айтсаңыз бола еді ғой?» дедім Ол: «Не айтып тұрсыз, мен жәй істедім ғой». Бұлай болады деп ойламаппын. Кешіріңіз, деді», – дейді анасы Жұлдыз Айтмаханбетова.
Ол полицияға арыз жазған. Осы күндерден бастап мұғалімнің туыстары үйіне келе бастаған. Әйелден татуласуды сұрап, болмаса мұғалім өз-өзіне қол жұмсайды деп қорқытқан.
«Бұл ақпаратты Қаратұз аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері тіркегенін хабарлаймыз. Оқушыға сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – деді Шымкент Полиция департаменті өкілдері.
Taulik.kz