Сенбі, Сәуір 1 2023

«Отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын» – Жүрсін Ерман

Танымалы ақын Жүрсін Ерман сырқаттанып қалғаннан кейін алғаш рет сұхбат беріп, алдағы уақытта Еуропаға барып ем алатынын «Таңшолпан» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.

«Тілім сау, көріп тұрсыздар. Бірақ анау ертегі болушы еді, сол сияқты «отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын» деген болып қалдым. Жағдайым онша емес, өзім қимылдай алмаймын. Барша Қазақстанның тілегі болар, алпыс ақын көңілімді сұрап келді.

Солардың тілегі шығар әйтеуір аманбыз. Емдеп жүрген дәрігерім қолдан келгеннің бәрін жасады. Енді Еуропаға барып емделем деген тілегімді қолдап, жіберіп отыр. Соңғы құжаттарым жасалып жатыр, соны күтіп отырмын. Бәйбішем, қыздарымды ертіп Швейцарияға баражатырмыз. Бұйыртса емделемін. Шынын айтсам жағдайымның қандай екенін өзім де білмеймін», – дейді ол.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button