Дүйсенбі, Наурыз 20 2023

Өзбекстан шетелге 10 айда 1,4 млн тонна жеміс-көкөніс экспорттады

Өзбекстан 10 айда 1,4 млн тонна жеміс-көкөніс экспорттады, деп хабарлайды Taulik.kz. Бұл туралы Өзбекстанның статистика комитеті мәлімдеді.

2022 жылдың қаңтар-қазан айларында Өзбекстан 903,3 млн АҚШ долларына 1,4 млн тонна жеміс-көкөніс экспорттады.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 192 мың тоннаға артқан.

Экспортталған басқа өнімдер арасында көрсеткіш мынадай:

Жүзім – 181 мың тонна;

Қырыққабат – 135,2 мың тонна;

Қарбыз-қауын – 134,3 мың тонна;

Қызанақ – 65,8 мың тонна;

Мейіз – 64,4 мың тонна;

Кептірілген жеміс-жидек – 35,7 мың тонна;

Жержаңғақ – 15,6 мың тонна.

Taulik.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button