
Бүгін, 23 қаңтарда Таиланд астанасында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының жартылай финал айқастары өтеді.
Бүгін ринг төріне Қазақстан құрамасынан 11 боксшы шығады. Жекпе-жектер трансляциясы 13:00-де басталады.
48 келіде. Санжар Тәшкенбай – Наттхапхонг Тхуамчароен (Таиланд)
54 келіде. Нұрсұлтан Алтынбек – Ислам Торобаев (Қырғызстан)
57 келіде. Махмұт Сабырхан – Джеричо Акайлар (Филиппин)
60 келіде. Талғат Сырымбетов – Пхутханет Родсук (Таиланд)
63,5 келіде. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Тулга Оюнбаатар (Моңғолия)
67 келіде. Абзал Серік – Пенх Вантхунг (Камбоджа)
71 келіде. Сабыржан Аққалыков – Довуд Махкамов (Тәжікстан)
75 келіде. Диас Молжігітов – Аиликути Кахаер (Қытай)
80 келіде. Ерасыл Жәкпеков – Джасурбек Юлдошев (Өзбекстан)
92 келіде. Ерхат Бекзат – Нусратбек Тохиров (Өзбекстан)
92 келіден аса. Аманат Сабырғали – Джахонгир Зокиров (Өзбекстан).
Трансляцияны осы сілтеме бойынша көре аласыздар.