
Желіде Шавкат Рахмоновтың ұлты туралы айтылған видео тарап кетті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
28 жастағы файтер Өзбекстанда туған, алайда оның спорттағы жетістіктері Қазақстанмен байланысты.
«Оның әкесі қазақ. Рахмонов әкесіне және Брюс Лиге ұқсайды», – дейді «Яккакураш олами» YouTube-арнасының авторлары.
Шавкаттың анасы туралы да ақпарат бар.
«Бұл – Ташбува Атамурадова. Ол қоңырат, оның ішінде алпамыш. Ол өзбек эпосы Байсын-таудан тараған», – дейді олар.
«Шавкат өзбек тілінде оқыған. Латын әліпбиімен. Қазақстанға алғаш келген жылдары қиын болған, себебі ол орыс тілін білмеген еді», – дейді арна авторлары.