Сенбі, Сәуір 1 2023

Ресей өз аумағында Қазақстан көмірін тасымалдауға тыйым салуы мүмкін

Ресей Энергетика министрлігі өз аумағында Қазақстан көмірін темір жол көлігімен тасымалдауға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.

Ресей де, Қазақстан да ЕАЭО-ға кіргеніне қарамастан, ресейлік шенеуніктер көршілеріне шектеу енгізіп, өздерінің көмір экспорттаушыларын қолдау қажет деп санайды.

Бұл бастама қазан айының ортасында Ресей вице-премьері Александр Новактың көмір экспортын дамыту жөніндегі жиналысында көтерілген.

Сол себепті ресейлік көмір экспорттаушыларды қолдау үшін Ресей билігі порттарда тасымалдау мен жөнелтудің артықшылығын қамтамасыз ету үшін үшінші елдерден көмір транзитіне уақытша тыйым салуды ұсынды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button