Дүйсенбі, Наурыз 20 2023

Ресей телеарнасы: Украинадан кейінгі Ресейдің кезекті проблемасы - Қазақстан (ВИДЕО)

Украинадан кейінгі Ресейдің кезекті проблемасы – Қазақстан. Дәл осындай пікірді Ресейдің «Россия-1» телеарнасының «Вечер с Владимиром Соловьёвым» ток-шоуында айтылды, деп хабарлайды Taulik.kz

Бағдарламадағы спикерлердің бірі Қазақстанды кезекті шешетін проблема ретірде қарастырды.

«Онда да Украинадағыдай «ұлтшылдық процестер» басталуы мүмкін. Қазақстанда ресейліктер көп, шекарамыз ең ұзын және біздің «Росатом» үшін ядролық отын да сонда», — деді ол.

Бағдарламадан 21 секундтық үзіндіні Украинаның Ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко өзінің Telegram арнасында жариялады.

«Назар аудар, Қазақстан! Олар сендерді келесісіңдер дейді», – деп жазды ол.

Видеоны мына жерден көре аласыз.

Taulik.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button