Дүйсенбі, Маусым 5 2023

Ресейде Қазақстан автобусы аударылды. Зардап шеккендер бар

Қазақстаннан Новосібірге бет алған жолаушылар автобусы Алтай аймағындағы тас жолда аударылып қалды. Бұл туралы облыс прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға Панкрушиха ауылынан 17 шақырым жерде болған. Автобус жолдан шығып кетіп, аударылған. Салонда 54 жолаушы болған. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

РИА Новостидің күш құрылымдарындағы дереккөзінің хабарлауынша, оқиға салдарынан бес адам зардап шеккен.

Прокуратура органдарымен көлікті қамтамасыз ету заңнамасының сақталуына, маршруттық көлікпен жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігіне тексеру ұйымдастырылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button