Бейсенбі, Наурыз 23 2023

Ресейліктер Қазақстан құрамасының ойыншысын сатып алды

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы, футболшы Нұралы Әліп ресейлік «Зенитпен» ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды.

«Нұралы Әліп «Зенитте» қалды. Оның келісімшартын «Қайраттан» Санкт-Петербург клубы сатып алды. Енді Қазақстан құрамасының қорғаушысына қатысты барлық құқықтар Ресей чемпиондарына тиесілі. Келісімшарт мерзімі 4 жыл (3+1).

Келісімнің қаржылық мәліметтерін әзірге айта алмаймын, бірақ жақын арада Қайраттың өзі жариялайды деп ойлаймын. Менің білуімше, бұл қазақстандық футбол тарихындағы ең ірі мәміле.

Сондай-ақ, Мәскеуде орналасқан тағы бір РПЛ клубы Әліпке қызығушылық танытқанын айта кетейін. Ал оның Әзірбайжан чемпионатына өтуі мүмкін деген әңгіменің бәрі шындыққа сәйкес келмеді», – деп жазады СпортРадар.kz Telegram-арнасы.

Taulik.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button