Жұма, Наурыз 31 2023

Ресейліктер жаппай теңге сатып алып жатыр

Өткен аптада Мосбиржада қазақстандық валюта жалпы сомасы 4,2 млрд рубльге сатып алынған және сатылған. Бұл жаз айларындағы сауда көлемінен үш-төрт есе жоғары, деп хабарлайды Taulik.kz Caravan.kz медиа-порталына сілтеме жасап. 

18 қарашада «ертең» жеткізілімімен Мосбиржадағы қазақстандық теңгемен сауда көлемі 1,13 млрд рубльге жеткен.

Ал доллар, еуро мен қытай юанімен сауда-саттық өткен аптада 100 миллиард рубльге төмендеді – 857,2 миллиард рубльге дейін. Еуродағы сауда көлемі, керісінше, 7%-ға өскен.

Сарапшылар инвесторлардың кейбір баламалы валюталарға қызығушылығы төмендегенін айтады. Мәселен,  үш ай бұрын Гонконг доллары мәмілелер күнделікті 300-500 миллион рубльге жасалса, соңғы уақытта бұл валютаның сауда көлемі 200 миллион рубльге жетпейді.

Taulik.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button