Сейсенбі, Наурыз 21 2023

Риддер қаласында 22 мың отбасы жылусыз отыр

Риддер қаласында 22 мың отбасы жылусыз отыр, деп хабарлайды Taulik.kz. 

Риддерде төтенше жағдай жарияланды. Мұны Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

5 қарашада қаладағы жылыту стансасында қазандық құрылғылар істен шығып, жылыту жүйелері апаттық жағдайда сөндірілген.

Қазір жағдайға байланысты қаладағы балабақшалар уақытша қызметін тоқтатты. Ал мектеп оқушылар қашықтан оқу форматына ауыстырылды.

Taulik.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button