Жұма, Маусым 9 2023

Роналду мен Мессидің алаңда кездескен сәті жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)

Әлемнің үздіктері саналатын португалиялық Криштиану Роналду мен аргентиналық Лионел Мессидің алаңда бір-бірімен амандасып, құшақтасқан сәті миллиондаған жанкүйердің жүрегінде қалары анық.

«Аль Наср» сапына ауысқан Роналду кеше «Аль-Хиляль» футбол командасымен іріктеліп алынған ойыншылармен бірге «ПСЖ»-ға қарсы жолдастық кездесуі өткізді.

Есеп «ПСЖ» пайдасына шешілді: 5:4.

Ойында Роналду дубль жасаса, Месси бір голды қанағат тұтты. Сарапшылар бұл ойын қос алыптың алаңда кездескен соңғы ойындары болатын шығар деп болжам жасап жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🇰🇿© ZTB QAZAQSTAN 2023 (@ztb_media)

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button