
«Рудный қаласының ахуалдық орталығы» КММ өзінің Instagram парақшасында қалалық жылу құбырлары істен шыққанын мәлімдеді.
«Рудный қаласы, Шевченко көшесі 116 мекенжайы бойынша орналасқан № 5 сорғы станциясының жұмысында ақау шықты. 13 жеке үй жылудан ажыратылды. Жылу құбырының диаметрі – 159. Сондай-ақ Гагарин көшесі 6 мекенжайында да ұқсас жағдай анықталды. Құбырдың диаметрі – 159. 33 бес қабатты үй мен бір мектеп жылудан ажыратылды», – делінген хабарламада.
Taulik.kz