Сенбі, Сәуір 1 2023

Сабақта дінді насихаттаған мұғалім жазаланды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Алматыдағы мектептердің бірінде мұғалім дін туралы сабақ өткізгені туралы видео тарады. Бейнежазбаға байланысты қалалық білім басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан мұғалім оқушылардан «дініңіз, кітабыңыз, мұсылманбысыз?» деген сияқты сұрақтар қойғанын көруге болады.

Алматы қаласы Білім басқармасының мәліметінше, видеоролик қала мектептерінің бірінде түсірілген.

«Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал мектеп – зайырлы оқу орны. Білім беру ұйымдарында мұғалімдер тек мемлекеттік білім беру стандарты мен бекітілген бағдарламалар аясында сабақ өткізуге міндетті. Басқа іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімге шара қолданылады», – деп хабарлады қалалық білім басқармасынан.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button