Жұма, Наурыз 31 2023

Саңырауқұлақ теруге кеткен 73 жастағы қарияның мүрдесі бір айдан кейін табылды

Оралда саңырауқұлақ теремін деп жоғалып кеткен 73 жастағы қарияның мүрдесі бір айдан кейін табылды, деп хабарлайды Taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Юрий Браслевич 5 қараша күні саңырауқұлақ теруге шығып кетіп, содан үйіне оралмаған болатын.

Марқұмның немересі Ирина Жиденконың айтуынша, бүгін атасының денесін орманда мойыл жинап жүрген ер адам тапқан.

«Мүрдені иттер бүлдіріп тастаған. Қашан жер қойнына берілетінін әзір айта алмаймыз. Жабық табытпен жерленетін болады», – деді Жиденко.

Қарияны іздеуге құтқарушылар, еріктілер, Ұлттық ұлан жауынгерлері жұмылдырылды. Арнайы тікұшақ та шығарылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button