Бейсенбі, Наурыз 23 2023

Серік Жұманғарин мен Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға барды

ҚР премьер-министрінің тапсырмасы бойынша премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға барды, – деп хабарлайды Taulik.kz Primeminister.kz-ге сілтеме жасап.

Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов – апат орнында.

Үкімет мүшелерінің міндеттері – апаттың себептерін анықтап, зардап шеккен тұрғындардың бірінші кезектегі мәселелерін шешу. Төтенше жағдай салдарын жедел жою барысы бақылауға алынды.

Қазіргі уақытта ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істейді. 143 көп қабатты және 132 жеке үйге, сондай-ақ 13 әлеуметтік нысанға жылу қайта қосылды. 21 учаскенің 20-сында жөндеу жұмыстары аяқталды. Проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында үй аралау шарасы жалғасып жатыр. Қалада азаматтар үшін 14 жылыту пункті жасақталған.

Taulik.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button