
Сеул қаласының мэрі О Се Хун 156 адамның өмірін қиған Хэллоуиндегі оқиғаға байланысты халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты Сеул мэрі ретінде, апат үшін шексіз жауапкершілікті сезінемін және кешірім сұраймын», – деді мэр қалалық кеңседе өткен баспасөз мәслихатында.