Сәрсенбі, Мамыр 31 2023

Шымкентте олимпиада кезінде 15 оқушы уланды

Шымкентте олимпиада кезінде 15 оқушы уланып қалды, деп хабарлайды taulik.kz  

Республикалық пән олимпиадасында 14 баланың дене температурасы көтеріліп, асқазаны ауырған. Ал 1 оқушыда «желшешек» ауруының белгілері байқалған.

Балалар қаланың жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Оқу-ағарту министрлігі қазір жағдайдың себебін анықтау жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

Әрі оқушылар олимпиаданы науқас күйде тапсырғандықтан, қорытындылары қайта қаралуы мүмкін.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button