Жұма, Маусым 9 2023

СІМ ресейлік елшінің даулы мәлімдемесіне нүкте қойды

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров РФ-ның Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинмен кездесіп, мәселеге нүкте қойылғанын айтты, деп хабарлайды taulik.kz.

«Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин «Қазақстанда ұлтшылдықтың көріністері бар. Керек болса, Ресей көмектесе алады» деді. Сыртқы істер министрлігінің елшінің пікіріне қатысты ұстанымы қандай?» – деді ол.

Айбек Смадияров өздерінің елшімен кездескендерін атап өтті.

Осы мәселеге қатысты Ресей елшісі Алексей Бородавкинмен кездесулер өткізілді. Сондай-ақ Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресей елшісінің сөзіне түсінік берді. Сіздер оны білесіздер. Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қазақстандық телеарналарға осы мәселе бойынша да түсінік берген. Бүгінде мәселе жабық деп санаймыз, түсініктемелер қабылданды, – деді ресми өкіл.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button