Дүйсенбі, Маусым 5 2023

Шымкентте тағы да жер сілкінуі мүмкін бе?

Шымкент ТЖД «Екінші рет жер сілкінуі мүмкін» деген желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды taulik.kz.

Төтенше жағдай қызметкерлері Шымкент тұрғындарын үрейленбеуге шақырып, жалған мәлімет таратқандар жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

«Жер сілкінісі туралы тараған ақпараттар шындыққа жанаспайды» – деп, құзырлы орган халыққа тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше түнде Шымкент пен Тараз тұрғындары жер асты дүмпулерін сезінді. Тұрғындар қатты қорыққандарынан, үйлерін тастап қашуға мәжбүр болған. Мамандар қазақстандықтардың Ауғанстандағы жер сілкінісінің салдарынан болғанын, оның магнитудасы 7,8-ді құрағанын түсіндірді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button