Жексенбі, Мамыр 28 2023

Тараз қалалық сотының төрағасы бас бостандығынан айырылды

Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы А.Мадемаров жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды taulik.kz.

Сондай-ақ А.Мадемаров өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

«Сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешімге жәрдемдескені үшін азаматтан алдау жолымен 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алған», – делінген Халық үні таратқан мәліметте.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button