
Тараз полициясының мәліметінше, 19 жастағы бойжеткен өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, – деп хабарлайды Taulik.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Зардап шеккен азамат 19 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Оқиғадан кейін ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді», – деп жазады polisia.kz. Telegram арнасы.
Полицейлер оның әрекетінің себебі тергеу барысында анықталатынын айтты. Басқа мән-жайлар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.