Сәрсенбі, Мамыр 31 2023

Таразда қоқыс жәшігі жанынан нәрестенің мәйіті табылды

Тараз қаласында қоқыс жәшігінің жанынан пластикалық шелектен шала туған нәрестенің мәйіті табылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-тергеу тобы шықты. Сәбидің денесі Жамбыл облысының мәйітханасына жеткізілген.

Қазіргі уақытта оның анасын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button