Жұма, Маусым 9 2023

Түркия Швецияға ультиматум қойды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған НАТО-ға кіру үшін Швециядан 130 «террористі» босатуды талап етті, деп хабарлайды taulik.kz «Анадолу» агенттігіне сілтеме жасап.

Түрік басшысы Түркия Швецияның НАТО-ға кіруін Стокгольм Анкараға 130 «террористі» экстрадициялағаннан кейін ғана мақұлдайтынын айтты.

Ердоғанның айтуынша, Швеция Түркия террористік ұйым деп санайтын Күрдістан жұмысшы партиясын қолдау үшін демонстрациялар өткізуге кедергі келтірмейді. Ол сондай-ақ Стокгольм бұрын Анкараға 130 күрд «террористін» уәде еткенін, бірақ бермегенін мәлімдеді.

«Егер Швеция террористерді бермесе, НАТО-ға мүше болу туралы өтінішін Парламентте ратификациялай алмаймыз. Ұсыныстары біздің парламент арқылы өтуі үшін Швеция 130-ға жуық террорист экстрадициялау қажет. Алайда олар мұны әлі жасаған жоқ», – деді Ердоған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button