Жұма, Маусым 9 2023

Түркияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 14 адамға дейін өсті

Түркияда 14 адам су тасқынының құрбаны болды, тағы бес адам із-түзсіз жоғалып кетті, – деп хабарлайды taulik.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Шанлыурфада 12, Адияманда екі адамның қаза тапқанын айтты. 5 адамды іздеу жұмыстары жалғасты.

Басылымның хабарлауынша, Шанлыурфада екі күнде жауын-шашын тәуліктік нормадан екі есеге жуық төмендеген. Аймақтың ауыл шаруашылығы жағынан стратегиялық маңызы бар екені жағдайды одан сайын қиындатып отыр. Енді ауыл шаруашылығы өндірісіне келетін шығынды барынша азайтуға күш салып жатыр.

Еске салайық, толассыз жауған жаңбыр Түркияның оңтүстік-шығыс аймағындағы бірнеше провинцияда қатты су тасқынына әкеп соқты.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button