
Facebook әлеуметтік желісінде “НемолчиKz» қорының басшысы Дина Таңсәрі жантүршігерлік жағдаймен бөлісті, деп хабарлайды Taulik.kz. Жазбада Шымкентте 11 сынып оқушысының 7 сыныптан бері өз туған әкесінен зорлық көріп келе жатқанын айтқан.
|
Департаменттің баспасөз қызметі мәлімдемеге түсініктеме берді.
«Бұл факт ҚР ҚК 122-бабы бойынша «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас»бойынша Шымкент қ.Қаратау тобының СДТБТ-да тіркелген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі, оның ішінде бірқатар сараптамалар тағайындалды. Психологтар жасөспіріммен жұмыс істейді.
Алайда, кәмелетке толмаған қыз және оның ата-анасы полицияға қандай да бір өтініштерден бас тартып, зорлық-зомбылық фактісін жоққа шығарады.
Іс Шымкент қаласы ПД басшылығының ерекше бақылауында».
Taulik.kz