Сәрсенбі, Мамыр 31 2023

Ұлытау облысында жарылыс болды

Ұлытау облысында газ баллоны жарылып, 16 адам зардап шекті, деп хабарлайды taulik.kz.

«Жаңаарқа кентіндегі үйлердің бірінің моншасында газ баллоны жарылды. Салдарынан 50 шаршы метр аумақты өрт шарпыды», – делінген ақпаратта.

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға болған үйде ас берілген. Жарылыс салдарынан 16 адам зардап шекті, олардың 8-і ауруханаға жатқызылды, біреуінің жағдайы ауыр. Сегіз адам үйіне жіберілген.

Қауіпсіздік техникасы өрескел бұзылған. Газ баллонын аяздан әкеліп, жылыту құрылғысының жанына қойған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button