Бейсенбі, Наурыз 23 2023

Ыстамбұлда тағы да жарылыс болды

Ыстамбұлдың Фатих ауданында жарылыс болып, жалын үш көлікті шарпыды, – деп хабарлайды Taulik.kz Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.

Түрік басылымының мәліметінше, Коджамустафапаша көшесімен келе жатқан көлік жүргізушісі көлігінің жанып жатқанын байқап, жол жиегіне тоқтап, айналасындағылардан көмек сұраған.

Біраз уақыттан кейін көлік өртеніп, жалын сол маңда тұрған төрт көлікке тараған.

«Ыстамбұлдың Фатих ауданында белгісіз себептермен жанып бастаған көліктің жалыны тұраққа қойылған өзге көліктерге тарады. Желіде тараған видеодан өрт кезінде жарылыс дыбыстары естілді», – деп жазады басылым.

Taulik.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button