Дүйсенбі, Наурыз 20 2023

Ыстамбұлдағы теракт: Күдіктіге АҚШ әскерилері сабақ берген

Ыстамбұлда жарылыс жасады деген күдіктіге
АҚШ әскерилері сабақ берген, деп хабарлайды Taulik.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Әлбашир жауап алу кезінде КЖП-ның сириялық бөлімшесімен байланысы бар екенін мойындады. Террорист өзінің Айн әл-Арабтағы (Кобани) КЖП барлау мектебінде оқығанын, Сириядағы америкалық сарбаздар да сабақ берген мекемеде оны арнайы барлау офицері ретінде дайындағанын мәлімдеді», – деп хабарлайды Түркияның Yeni Şafak басылымы.

Күдікті өзіне нұсқаулық беріп отырған Айн әл-Арабтағы КЖП/YPG/SDG ұйымы жетекшісінің сенімді адамымен байланыстары туралы да айтып берген. Тиісті нұсқауларды орындаған бойжеткен төрт ай бұрын Африн Адлиб арқылы Түркияға заңсыз кірген.

Taulik.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button