Сәрсенбі, Мамыр 31 2023

Жамаубаев бюджет қаражатын игере алмаған министрліктерді атады

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев республикалық бюджет шығысы 94,7 пайызға жеткенін айтты, деп хабарлайды taulik.kz.

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 93,5%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары – 94,7%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 96,3%-ға атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 1,5 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілді. Атқарылмаған жұмыстар сомасы 84 млрд теңгені құрады, оның ішінде 13 млрд теңге үнемделген. Игерілмегені – 71 млрд теңге», – деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.

Жамаубаев ең көп игерілмеген сома Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Экология және табиғи ресурстар, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінде қалыптасқанын айтты.

«Қаржыны игермеудің негізгі себептері: төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауы немесе ұсынылмауы, шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөнінде нормативтік құқықтық актілерді уақытылы қабылдамау, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақытында ұсынбау, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу», – деді Ерұлан Жамаубаев.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button