Сәрсенбі, Мамыр 31 2023

Жамбыл облысындағы сарбаздың қазасына қатысты тың дерек шықты

Бас әскери прокуратура Бекбол Мираштың қазасына қатысты жыныстық зорлық-зомбылық фактісін жоққа шығарды.

«Тергеу барысында болған оқиғаның барлық нұсқалары, соның ішінде жыныстық зорлық-зомбылық мүмкіндігі тексерілді. Алайда, бұл дерек расталмаған», – делінген прокуратура хабарламасында.

Еске салсақ, былтыр «Шөлдала» шекара заставасында сарбаз Б. Мираш көз жұмған еді. Билікті асыра пайдалану, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша күдікті ретінде сол заставаның әскери қызметшісі ұсталды. Оның адвокаты бұл іске қатысты тың ақпаратты жариялап, зорлық-зомбылық белгілері барын айтқан.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button