
Полицейлер күдіктіні 14 жастағы қыз бен оның анасы түсік жасату үшін перинаталдық орталыққа барған соң ұстады. Бұл туралы Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Taulik.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
24 ақпанда кәмелетке толмаған 14 жастағы қыз анасымен бірге әлеуметтік себептермен бірінші жүктілігін тоқтату мақсатында Ақтау қаласында орналасқан облыстық перинаталдық орталықтың дәрігеріне барған. Қыздың жүктілік мерзімі 13-14 апта болды.
Бұл туралы қалалық полицияның жедел басқармасы орталығына перзентхана мамандары хабарлады.
Тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған баламен жыныстық қатынасқа түскен күдіктіні анықтап, ұстады.
– Күдікті жәбірленушінің әкесі екені белгілі болды. Бұл дерек Жаңаөзен ПБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы (зорлау) бойынша тіркелді, деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.