Жұма, Маусым 9 2023

Жансая Әбдімәлік мектепте өзіне буллинг жасалғанын айтты

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік әлеуметтік желіде өзіне мектеп кезінде жасалған буллинг туралы оқырмандарына айтып берді, деп хабарлайды taulik.kz.

«Мектепте буллинг болды ма? Әдетте жасөспірімдер өздерінен біреудің ақылды екенін мойындағысы келмейді» деген сұраққа Жансая былай деп жауап берген:

– Иә, меніңше, әр адам өмірінде бір рет болсын осымен кездесестін секілді. Маған буллинг қазақшадан гөрі, орыс тілінде көп сөйлегенім үшін жасалған және мектептегі сыныптастарыма менің қашықтан оқығаным кері әсер еткен, олар мені демалып жатыр, өздері оқып жатыр деп қабылдады. Негізі мен күніне 6-7 сағат дайындықта болдым, оған қоса 2 сағат спортпен айналыстым. Қысқасын айтқанда «қызық» болды. Ең жақсысы осылардың бәрі мені алаңдатқан жоқ, өзімнің ісімді әрі қарай жалғастыра бердім, – деп жазды шахматшы қыз инстаграм әлеуметтік желісінде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button