
Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао және орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желі арқылы екі титул үшін айқас өткізуге келісті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Фалькао Головкин босатқан IBF титулын жеңіп алғаннан кейін Жәнібекпен шығуға дайын екенін айтты. Мұның алдында Халықаралық бокс федерациясы Фалькао мен германиялық Винченцо Гуальтьери арасында осы белбеу үшін жекпе-жекті белгілеген болатын.
«Менің бірінші мақсатым – IBF белебуі, одан кейін WBO чемпиондығы үшін айқасу. Мен келе жатырмын чемпиондар», – деп жазыпты Фалькао Twitter желісінде.
«Кел жасайық. Мен де соны қалаймын», – деп жауап берді Әлімханұлы.
«Бәрі ретімен, мені күте тұр», – деді Фалькао.
«Сен ұзақ күттім. Енді қанша күтемін? 40 жасқа дейін ба?» – деп жазыпты Жәнібек.
«Біздің жекпе-жек өте тартысыты болады, тек IBF белбеуіне жетіп алайын», – дейді Фалькао.