Дүйсенбі, Наурыз 20 2023

Жәнібек Әлімханұлы танымал боксшыны жекпе-жекке шақырды

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өз дивизионындағы Дүниежүзілік бокс ұйымы рейтингісіндегі көшбасшылардың бірі – мексикалық Хайме Мунгияны айқасқа шақырды, деп хабарлайды Taulik.kz.

Бұған дейін WBO егер Әлімханұлы жеңсе Мунгиямен міндетті айқас өткізуі тиіс деген шешім қабылдаған болатын.

«Мунгия жекпе-жекке келіседі деп үміттенемін және соны асыға күтемін», – деп жазды Әлімханұлы Тwitter-де.

Айта кетейік, Хайме Мунгия рингке 19 қарашада Гвадалахарда (Мексика) аргентиналық Гонсало Кориямен жұдырықтасады. Әлімханұлы 2020 жылы Г.Корияны нокаутпен жеңген болатын.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button