Жексенбі, Мамыр 28 2023

Журналистерге шабуыл жасаған шетел азаматы, білікті хакер - ІІМ

Журналистерге жасалған арандатушылық шабуылдардың үйлестірушісі ұсталды, деп хабарлайды taulik.kz ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі.

ІІМ және ҰҚК мекемеаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырған күдікті топтың жолын кесті.

«Ұсталған топқа ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы «Қорқыту», 147-бабы «Жеке өмірге қол сұғу», 158-бабы «Журналистік қызметке кедергі келтіру», 202-бабы «Біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» және 293-бабы «Бұзақылық» бойынша айып тағылуда. Арандатушылық шабуылдардың тікелей үйлестірушісі – шетелдік азамат, білікті хакер О.Токарев Алматыда ұсталды», – делінген хабарламада.

Оның уақытша тұрып жатқан жерінен шабуылдарды басқару, анонимді Telegram-аккаунттарда «тапсырыстар» беру, орындаушыларды табу және олардың акцияларына ақы төлеу жүргізілген техника табылып, тәркіленді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button