Сенбі, Сәуір 1 2023

Жылыой ауданында 14 жастағы мектеп оқушысы суицид жасады

Атырау облысыны Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон ауылында 19 қараша күні 14 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсады.

Үйінде ол жалғыз болған. Ата-анасы шаруалармен шығып кеткен. Ал бауырлары үйде болмаған. Кеш бата баласын іздеген ата-ана оның ұялы телефонына хабарласқан.

Телефон қоңырауы үйдің шатырынан шыққан. Шатырға шыққан олар жасөспірімнің өлі денесін тапқан.

«Қазақстан Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша «суицидке жеткізу» бойынша тергеу жүріп жатыр. Қалған ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», – деп мәлімдеді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Taulik.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button