Сенбі, Сәуір 1 2023

Зорлықпен өлтірілген 56 жастағы әйелдің денесі табылды

17 қарашада Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөліміне Советское ауылында үйдің кіреберісінде зорлықпен өлтіру белгілері бар 56 жастағы әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Taulik.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Аталған факт ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі, «Кісі өлтіру» бойынша СДТБТ-да тіркелді.

Кісі өлтірді деген күдікпен осы ауылдың 52 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның айтуынша, 14 қарашада ол марқұм әйелмен бірге алкогольдік ішімдік тұтынып, араларында жанжал туған. Жанжал барысында ер адам әйелді ұрып-соққан.

Әйелдің денесін 17 қарашада анасының жағдайын біліп қайтуға келген қызы анықтады. Ол телефон қоңырауларына жауап бермеген.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары қолға алынды.

Taulik.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button