Лаңкестер Түркістандағы Қожа Ахмет Ясcауи кесенесін жаруды жоспарлаған
ҰҚК мәлімдеме жасады
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті биылғы жылы Қазақстандағы теракт жасау әрекеттері туралы айтты, деп жазады Taulik.kz.
Биыл ҰҚК лаңкестер Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жарып, Астанаға қарулы шабуыл жоспарлағаны туралы айтты.
«Жыл сайын кем дегенде екі лаңкестік әрекеттің алды алынады» деді ҰҚК төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев ШЫҰ РАТС кеңесінің 40-шы отырысында.
Оның айтуынша, биыл ғана Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде қолдан жасалған жарылғыш затты жару әрекеті мен Астанадағы адам көп жиналатын орындарда жасалған қарулы шабуылдың жолы кесілген