Қоғам

Қазақстан елшілігі Израильдегі cоғысқа байланысты отандастарға үндеу жасады

118 қазақстандық елге оралуға ниет білдірді

Мемлекет елшілігі Израильдегі отандастарға үндеу жасады, деп хабарлайды Taulik.kz.

Израильде қақтығыстар басталғалы 118 қазақстандық елге оралуға ниет білдірді. Дипломатиялық сенім телефонына 500-ден астам қоңырау түскен.


«Қауіпсіздік жағдайының күрт нашарлауына байланысты Қазақстанның Израильдегі елшілігі барлық Қазақстан азаматтарынан нұсқауларды орындауды, қауіпсіз жерлерде болуды және ресми органдардың бұйрығынсыз ол жақтан шықпауды қатаң түрде ескертеді», - делінген елшілік хабарламасында.


Тель-Авивтегі Қазақстан елшілігінің телефоны:
+972 (3) 741 78 05 (кезекші),
+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp),
+7 700 111 31 96 (WhatsApp).