Астанадағы стадионды апатты деп таныған шенеуніктерге үкім шықты

10 қазан, 2023 / Гауһар Есенгелдіқызы
Шенеуніктерге үкім шықты

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты құрылыс компаниясының басшылығынан пара алған шенеуніктерге үкім шығарды, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Антикор мәліметінше, сот үкімімен:

Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

ТЖД басқарма бастығы Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы Орталық стадион апатты деп тану туралы құжаттаманы келіскені үшін құрылыс компаниясы өкілінен 5 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктенді.

Басшының орынбасары және ІМАД бас маманы аудиторлық тексеру бойынша оң қорытынды үшін жеке компания өкілдерінен 2 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталды.

Астана қаласы құрылыс басқармасының басшысы мен оның орынбасарына лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін айып тағылды. Олар құрылыс компаниясын 21 млн теңгеден астам сомаға материалдық құндылықтарды сатып алуға көндірген.

Сондай-ақ, Құрылыс басқармасының басшысы жалпы қамқорлығы және мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін ЖШС басшылығынан 400 мың теңге сомасында пара алды деп айыпталды.

“Осы үкіммен жеке құрылыс компаниясының өкілдері жоғарыда аталған барлық лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін жалпы сомасы 500 млн теңгеге жуық айыппұл салуға сотталды. ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ”, – делінген хабарламада.

 

Тэгтер:

шенеунік Астана стадион пара