Жаңалықтар

Петропавлда өрт кезінде түтіннен уланған үш жасар бүлдіршін көз жұмды

Дәрігерлер бүлдіршінді аман алып қалу үшін 40 минут күрескен

Бұл туралы Taulik.kz Ктк арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Көпқабатты үйдегі өрт таңертеңгі ондар шамасында болған. Төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнына небәрі екі минутта жеткен. Осы уақытта бөлмелердің бірінде 25 шаршы метр жерде жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанып жатқан.

Құтқарушылар кіреберісте қолында үш жасар баласы бар әйелді тапты. Ол жанып жатқан пәтерден жүгіріп шығып баласын бірден дәрігерлерге тапсырған. Екі жедел жәрдем бригадасы оның есін жиғызуға тырысқанымен еш әрекет көмектеспеген. Деректерге сай, көз жұмған баланың анасына психологиялық көмек қажет болған. 

"Өртті сөндіруде ешқандай қиындық болған жоқ. Бар болғаны 12 минут өщшірдік. Бірақ жиһаз сияқты заттардың жанғанына байланысты қиянды қалдықтар ауаға көптеп бөлінген. Олар әсіресе баланың нәзік ағзасына тікелей әсер етеді. Өкінішке орай салдарынан осындай жағдай орын алды", - деді Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс жөніндегі бас маманы Евгений Журавлев.