8 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

8 қараша, 2023 / taulik
Ашық дереккөз
Бүгінгі ауа райына болжам жасалды

Қазгдромет синоптиктері 8 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады taulik.kz.

Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен күн ашық болады, жауын-шашын жаумайды. 

Еліміздің батысында және оңтүстігінде циклон мен атмосфералық фронттарға байланысты жаңбыр жауады. 

Республиканың солтүстік-батысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауып, жел күшейеді.

Қазақстан бойынша тұман түседі, еліміздің оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады. 

Тэгтер:

ауа райы болжам